Ресейдегі төбелес: қазақстандықтар қамауға алынып, үш адам тергеуге ілінді

0
82


Ресейдегі төбелес: қазақстандықтар қамауға алынып, үш адам тергеуге ілінді

Видео кадры

ERNUR.KZ. Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахталық кенттегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазады ulysmedia.kz.

28 наурызда Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін ҚР азаматтарымен, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізген. Аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері.

ТӨБЕЛЕС

Бастапқыда төбелеске жүздеген адам қатысқан. Оқиғадан кейін әртүрлі елдің 30-дан астам азаматы ұсталған. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылды.

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ

Бірқатар тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Тағы үш ҚР азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлық ҚР азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

КЕЗДЕСУ

Сондай-ақ вахталық кенттің өзінде компания қызметкерлері (қазақстандық жұмысшылар мен учаске бригадирлері), Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында орын алған жағдай сындарлы түрде талқыланып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды.

ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасуда, оның қорытындылары бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.