Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

0
64

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болған.


Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

ERNUR.KZ. Ресейдегі металлургиялық комбинат аумағында екі қазақстандық қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болған.

"14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңы аумағынан мердігер ұйымдардың екі қызметкері, Қазақстан азаматтары өмір белгілерінсіз табылды. Қазіргі уақытта өлімнің себептері анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтамыз", – делінген "Северсталь" компаниясының хабарламасында.

Вологда облысы бойынша РФ Тергеу комитеті мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, болған жағдайдың себептері анықталып жатыр.