Ресейден шыққан ірі өрт Абай облысына таралып, бірнеше аумақты шарпыды

0
811

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды.


Ресейден шыққан ірі өрт Абай облысына таралып, бірнеше аумақты шарпыды

ERNUR.KZ. Абай ауданындағы орман аумағында ірі өрт сөндіріліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

22 мамырда өрт сөндірушілерге Ресейдің Алтай өлкесінің аумағында құрғақ шөптің өртеніп, өрттің "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерваты аумағына өткені туралы хабарлама түскен.

"Абай ауданы аумағында, Бородулиха ауданында, Ауыл стансасынан 7 шақырым жерде өрт шықты. Ауылға және Березовка шипажайына қауіп төніп тұр. Алдын ала болжам бойынша, 57-70 гектар жер өртенген, - деп хабарлады Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 41 адам, 14 техника мен бір командалық-штабтық көлік тартылды, орман шаруашылығынан 157 адам мен 44 техника, жергілікті атқарушы органның су тасығыш 4 КамАЗ жіберілді, сондай-ақ тракторлармен жерді жыртып жатыр. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері халықты хабардар етті.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды. Бөлім қызметкерлері дайындық үстінде. Жедел аймақтық штаб Ауыл кентінің кіреберісіне орналастырылды.