Ресейлік есептегі көліктерге жүруге рұқсат берілді

0
858

Жиында тараптар осындай шешімге келді.


Ресейлік есептегі көліктерге жүруге рұқсат берілді

Бүгін бірнеше көлік иесі мен тиісті сала мамандары арасында кездесу болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында тараптар осындай шешімге келді.

Тек көлік иелеріне қойылатын талап - жол ережесін бұзбау. Ал тәртіп бұзылған жағдайда заң шеңберінде шаралар қолданылады. 80 мыңнан аса автокөлік Қазақстанда емін-еркін жүр. Оның арасында Ресейде ұрланды деген көліктер де бар екен. Қазір олар айыппұл тұрағына қойылған. Әрі қарай шешім нақты айтылатын болады. Осы мәселеге қатысты министрлік тиісті шаралар қабылдамақ.

"Министрлікпен бірге мәселелеріңізді көтереміз. Жедел алдын алу іс-шарасын тоқтатып, жүргізушілерге жүру мүмкіндігін берейік деп айтамыз. Екі сағат бойы осы жердегі әңгімеміз сол. Мен жасамаймын деп айтып тұрған жоқпын ғой", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Елнұр Бейсенбаев,