​Ресейліктер еліміздің кондитерлік және макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

0
1 495

Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургке 10 миллион доллардан астам қаржыға трансформатор, лак-бояу материалдары, ұн және тұз экспорттайтын болды


​Ресейліктер еліміздің кондитерлік және макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

ERNUR.KZ. Ел экспортын мемлекеттік қолдау аясында Санкт-Петербург қаласында сауда-экономикалық миссиясы өтті. Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургке 10 миллион доллардан астам қаржыға трансформатор, лак-бояу материалдары, ұн және тұз экспорттайтын болды, деп жазады Baq.kz.

Миссияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп, Санкт-Петербургтағы ҚР бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Сауда-экономикалық миссияға қазақстандық 17 компания қатысты. Олардың қатарында азық-түлік, құрылыс материалдары, электротехника, химия өнімдері, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және т.б. сияқты сала өкілдері болды.

Шара нәтижесінде трансформаторларды, лак-бояу материалдары, ұн мен тұзды 10 млн. АҚШ долларынан астам соммаға экспортқа шығару бойынша 6 шарт жасалды. Сондай-ақ, жылына 3,6 мың тонна полимер өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, ресейліктер еліміздің кондитерлік және макарон өнімдеріне қызығушылық танытты.

Іс-шараға Санкт-Петербордың вице-губернаторы Мовчан Ю.Н., Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Н. Бурчаков, Қазақстан Республикасы ВТБ Басқармасы төрағасының орынбасары С.М. Аханова қатысты.

Сонымен қатар, Санкт-Петербург қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы, Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп өндірушілер қауымдастығы және Ленинград облысының кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілер одағы арасында екі меморандумға қол қойылды.

Сапар аясында Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіптік палатасының әлеуетті сатып алушылары мен серіктестерін іздеуге, өңірлер арасындағы сауда қатынастарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар алмастырылды.