Республикалық автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарының басым бөлігі Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді

0
95

9 айдың ішінде 33 жаңа жол бойындағы нысан салынып, қолданысқа берілді. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 30 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылды.


Республикалық автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарының басым бөлігі Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді

ERNUR.KZ. Елімізде 22 ақылы жол учаскесі бар, олардың жалпы ұзындығы – 4883 шақырым. 9 айдың ішінде ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың барлығы осы жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға жұмсалып жатыр. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында, республикалық автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Олардың 93%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.

9 айдың ішінде 33 жаңа жол бойындағы нысан салынып, қолданысқа берілді. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 30 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылды. Олардың ішінде жылы әжетханалар, шағын дүкен және кафетерийлер бар.

«Қазіргі таңда олардың санын 155-ге жеткіздік. Алдағы жылдары осындай модульді кешендердің санын арттырып, жол бойындағы салқын әжетханаларды кезең-кезеңмен азайтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ жол бойындағы нысандарға арнайы «дизайн код» әзірлеп, оларды бірыңғай түске бояп, ортақ стандартқа әкеліп жатырмыз», – деді спикер.

Еліміздің шекарасында 55 көлік өткізу пунктісі бар. 2030 жылға қарай 37 өткізу пунктісін қайта жаңартудан өткізу жоспарланған. 2025 жылы 14 өткізу пунктінің нысанында құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделген. Соның төртеуінде бүгінде қайта жаңарту жұмыстары басталды. Қалған нысандардың құрылысы бойынша келісімшартқа отыру және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстарға 150 маман мен 50 арнайы техника жұмылдырылды. Жол-құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде жолдың сапасына ерекше назар аударылады. 2025 жылдың басынан бері мердігерлер салған жобалардан 2777 ақау анықталды, оның 1400-ге жуығы бүгінгі күні жойылып, қалған ақауларды жою жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері жұмыстарды сапалы орындамағаны үшін техникалық бақылау қызметтеріне 200 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 36 маман жұмыстан босатылды. Сондай-ақ республикалық автожолдарды қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын тиісті түрде орындамағаны үшін 10 мердігер компания соттың шешімімен жосықсыз компаниялардың тізіміне енгізілді.