Бұған дейін әлеуметті желіде "Риддер ЖЭО" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайыржан Мимикенов пен кәсіпорынның экс-президенті Олеся Имашеваның ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті "Риддер ЖЭО" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін әлеуметті желіде "Риддер ЖЭО" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайыржан Мимикенов пен кәсіпорынның экс-президенті Олеся Имашеваның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Екеуі 2,5 миллиард теңге жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ал тергеу шараларын қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр. Агенттік лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады. Бірақ аты-жөнін және шығынның сомасын көрсеткен жоқ.
"ШҚО бойынша экономикалық тергеулер департаменті "Риддер ЖЭО" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі бойынша кәсіпорынның жылу желілерін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған қаржыны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Риддер жылу электр станциясында бірнеше рет апаттық жағдай болды. Қалада төтенше жағдай да енгізілді. Қазіргі кезде станцияда алты қазандықты күрделі жөндеуден өткізу керек.