Риддерде баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды

0
1 079

Риддерде мас әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алған.


Риддерде баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Осыған дейін Риддерде әйел адамның 2 жасар баласын балконнан құлатып алғаны хабарланған еді.

«Баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілттеліп тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала қарға құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Сонда да полицейлер жауапсыздық танытқан әйелге айыппұл салды. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді.

Бұдан бөлек, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.