Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

0
677

Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан.


Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

ERNUR.KZ. Риддерде жертөледе қалып қойған кенші құтқарылды, деп жазады Тengrinews.kz.

Оқиға 5 қаңтарда күндізгі уақытта болған. "Қазмырыш" ЖШС Риддер-Соколь кенішінің 12-штрегінің 15- қабатындағы тау-кен массасы жауып қалған. Сол уақытта бұрғылаушы жұмысын істеп жатқан кезде қабырғаның артында қалып қойған.

Оқиға орнына бірден іздестіру және құтқару қызметі келген. 6 қаңтарда сағат 05:50-де ер адаммен байланыс орнатылған.

Құтқарушылар кеншілермен қарым-қатынас жасай алатын жерді бұзып, оған тамақ жеткізген. Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан. Олар ер адамды құтқару үшін 8 метр үйіндіні бұзған. Кенші 7 қаңтарда сағат 03:54 шамасында құтқарылды. Ол Риддердегі ауруханаға жеткізілді.

"Құтқару операциясының штабы көмектескен барлық адамға алғыс айтады. Болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге комиссия құрылды", - деп мәлімдеді "Қазмырыш" ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы.