Желіде қызметтік көліктің мотоциклмен соқтығысқан сәтінің видеосы тарады.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Риддерде полицей қызметтік автокөлікпен ережебұзушыларды тоқтатпақ болған кезде мотоцикл жүргізушісін қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.
Желіде қызметтік көліктің мотоциклмен соқтығысқан сәтінің видеосы тарады.
Шығыс Қазақстан облысы полициясының мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған.
Учаскелік инспектор қызметтік автокөлікті басқара отырып, жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілерін тоқтатпақ болған. Алайда көлікті басқара алмай, олардың бірін қағып кеткен.
"ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, мотоцикл жүргізушілері жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және маневр жасау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, полицейдің өзі де жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оның әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бағалау үшін қызметтік тексеріс тағайындалғаны айтылды.