Риддерде жүк көлігі жыраға құлап, 2 адам қаза тапты

0
950

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Риддерде жүк көлігі жыраға құлап, 2 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жүк көлігі жыраға құлап, 2 адам қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Риддер қаласының маңындағы тасжолда болған.

«Жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жыраға құлап, аударылып түскен. Жол апатынан екі жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.