Осыған орай қала әкімі ресми мәлімдеме жасады.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығынан ақау шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Кеше Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған.
Осыған орай қала әкімі ресми мәлімдеме жасады.
«Техникалық себептерге байланысты ЖЭО жұмысы тоқтатылды. Бірден оқиға орнына барып, тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Жылу қайтадан қосылады. Сондықтан тұрғындарға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырамын», - дейді әкім Дмитрий Горьковой.