Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды

0
47

Қаралы хабарды Мақсат Толықбай жеткізді.


Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды, деп жазады sputnik.kz.
Қаралы хабарды оның әріптесі Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
"Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқанадар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін", - деп жазды депутат.
Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 13 жасында әке-шешесі ажырасып, бала Ринат анасымен қалады. Әкесі Рифхат Зайытұлы Аягөзде жергілікті мектепте мұғалім болып істеген, кейін директор болды.
Отбасында төрт ағайынды.