Ақорда Роман Төреханов президенттің күзет қызметінің басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.