Қазір бала қауіпсіз жерде.
Фото: YouTube
ERNUR.KZ. Рудный қаласында аялдамалардың бірінен табылған баланың анасы жауапқа тартылады, деп жазады inbusiness.kz.
Баланың қалтасынан бір әйел адамның аты-жөні мен ЖСН бар жазба анықталды. Бұл анасы болуы мүмкін деп болжанды. Полиция әйелді іздеп тапты.
Желі қолданушыларының сөзінше, бала шамамен төрт жаста. Ол Степногорск қаласының тұрғыны.
"Әйел кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.
Бүгінде баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.