Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын.
Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында екені айтылды.
Еске салайық, 5 қаңтарда Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.