Санкт-Петербургтегі автобус апаты: қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар

0
600

10 мамырда Ресейде Санкт-Петербургте 10 мамырда жолаушылар мінген автобус жеңіл көліктермен соқтығысып, салдарынан автобус су астына кеткен болатын.


Санкт-Петербургтегі автобус апаты: қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар

ERNUR.KZ. Санкт-Петербургтегі автобус апатында қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға қаланың ортасында болған: жолаушылар отырған автобус бірнеше автокөлікке соғылып, көпірдің қоршауын қиратып, Мойка көліне түсіп кеткен.Алдын ала болжам бойынша автобустың жеті жолаушысы қаза тапқан.

Оның ішінде 28 жастағы Марина Ю. - Көкшетау тумасы бар. Ол Петербургте тұрған. әйел адам табиғи косметикамен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізетін.

Еске салайық, 10 мамырда Ресейде Санкт-Петербургте 10 мамырда жолаушылар мінген автобус жеңіл көліктермен соқтығысып, салдарынан автобус су астына кеткен болатын.