Банк 16 қарашада номиналы 1 мың теңге болатын 6,5 миллион дана субординирленген купондық облигацияны мерзімінен бұрын сатып алып, олар бойынша жылдық 4% мөлшерлемемен сыйақы төледі.
Фото: afk.kz
ERNUR.KZ. "Нұрбанк" мемлекеттік көмек бағдарламасы аясында алған міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді жалғастыруда. Банк мемлекет тарапынан сатып алынған облигациялардың кезекті бөлігін қайтарды, деп жазады Stan.kz.
Қарызды өтеу барысы қалай жүзеге асты?
Банк 16 қарашада номиналы 1 мың теңге болатын 6,5 миллион дана субординирленген купондық облигацияны мерзімінен бұрын сатып алып, олар бойынша жылдық 4% мөлшерлемемен сыйақы төледі.Төлемдердің жалпы сомасы 6,6 миллиард теңгені құрады.
Аталған қаражат банк Қазақстанның орнықтылық қорынан алған 46,8 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтару аясында өтелді. Бұл облигациялар бастапқыда 15 жыл мерзімге — 2035 жылға дейін шығарылған болатын.
Еске салсақ, 2025 жылдың қараша айында банк мемлекетке 4,5 миллиард теңге қарызын қайтарған еді.Осылайша, сыйақы есептелмегенде, банктің мемлекет алдындағы жалпы қарызы 35,8 миллиард теңгеге қысқарды.


