Сәтбаев қаласында шенеунік баласы арқылы пара алды деген күдігіне ілінді

0
828

Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Сәтбаев қаласында шенеунік баласы арқылы пара алды деген күдігіне ілінді

ERNUR.KZ. Пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдікті өзінің қылмыстық ойынан хабарсыз ұлы арқылы «Хлебстрой» ЖШС Қарағанды филиалының директорынан жалпы көрсеткен көмегі және «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада жарықтандыру орнату бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, қалған 4 млн теңге сомасын ЖШС-ға аударғаны үшін 1 млн 200 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілініп отыр.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - деп атап өтеді агенттіктен.