Саудагерді пышақтаған: Алматы облысында қауіпті қылмыскер іздестірілуде

0
808

Күдікті үш адамды пышақтаған.


Саудагерді пышақтаған: Алматы облысында қауіпті қылмыскер іздестірілуде

ERNUR.KZ. Алматы облысында тонау кезінде дүкен қызметкерлерін пышақтаған қауіпті қылмыскер іздестірілуде, деп жазады Stan.kz.

2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан ірі сауда орталықтарының бірінің қауіпсіздік қызметі Қарасай аудандық полициясы кезекші бөліміне спорттық тауарлар бутигінен заттар ұрланғанын хабарлаған. Оларды ұстауға әрекет жасаған кезде қаскүнемдер аталған бутиктің үш қызметкерін пышақтаған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі "қарақшылық шабуыл" және "бөтен мүлікті ұрлау" бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті ұстады. Екінші қылмыскерді іздестіру жалғастырылуда.