Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ERNUR.KZ. Ресей мен Моңғолияның шекаралас аймағында 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Оқиға 2024 жылғы 21 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:57-де (20 желтоқсан, 19:57 GMT) тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендік 50,54 градус және шығыс бойлық 90,37 градус. Жер сілкінісінің энергетикалық класы К=12,5.
Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.