Семей қаласындағы айналма жол құрылысы туралы келісім жасалды

0
82

Сонымен қатар «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» автожолының құрылысы аяқталуға жақын.


Семей қаласындағы айналма жол құрылысы туралы келісім жасалды

ERNUR.KZ. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі тасжолдар мәселесін қозғады. Мәселен, биыл көптен күткен республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 184 шақырымы аяқталды. Бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» автожолының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір негізгі бөлігіне асфальт төселіп, соңғы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Бұған қоса, «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясымен Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойылды. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде 2028 жылға дейін жүзеге асырылады», – деп қорытындылады спикер.