Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салық берешегі толық көлемде өтелді.
фото: Sputnik / Анатолий Устиненко
ERNUR.KZ. Абай облысындағы "Семей орманы" орман резерваты 200 млн теңге салық төлемеген, деп жазады sputnik.kz.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексеру жүргізген.
"Нәтижесінде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ 2024 жылы салық кодексінің талаптарын бұзып, салық жөніндегі мәліметтерді толық көлемде жібермегені белгілі болды. Салдарынан бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған", - дейді ведомстводағылар.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салық берешегі толық көлемде өтелді.