Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен баланың денесі табылды

0
614

Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.


Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды деп жазады Stan.kz

Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған. Сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілгені айтылады.

“Куәгерлердің айтуынша, өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған баланың суға құлап, жоғалып кеткені белгілі болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Баланың денесі бүгін сағат 9:45-те табылды. Оны оқиға орнынан 15 шақырым жерден өтіп бара жатқандар Ертіс жағасынан тауып алған”, – деп мәлімдеді Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам, 6 техника және 3 жүзу нысаны, LIDER.KZ қозғалысының 20 адамнан тұратын еріктілері, баланың 10 туыстары, 50 полиция қызметкері жұмылдырылған.