Семейде жаппай төбелесте пышақ жарақатын алған 13 жасар бала қайтыс болды

0
420

Су қоймасы маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.


Семейде жаппай төбелесте пышақ жарақатын алған 13 жасар бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. 6 маусымда Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жанжалдың бүкіл қатысушылары анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді» деп хабарлады полиция.

Полиция ата-аналардың жасөспірімдерді қараусыз қалдыруы олардың арасында жазатайым оқиға немесе құқықбұзушылық жасауына себеп бола алатынын еске салады.

Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.