Сенат Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ғалымжан Пірматовтің кандидатурасын мақұлдады

0
814

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.


Сенат Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ғалымжан Пірматовтің кандидатурасын мақұлдады

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады.

«Конституцияға сәйкес, Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенаттың келісімін алу үшін Президент палатаға тиісті ұсыным енгізді», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың қарауына келісім алу үшін Ұлттық банк төрағасы лауазымына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отырғанын жеткізді.

Палата депутаттары кандидатурасына бірауыздан келісім берді.

Еске сала кетейік, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.