Өлімнің нақты себебі сот-медицина сараптамасынан соң дәлірек белгілі болады.
ERNUR.KZ. Қарағанды полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасынан табылған ер адамға қатысты кейбір мәліметтерді нақтылады, деп жазады ҚазАқпарат.
«6 қарашада Шахтинск қаласында «Қазақстан» және Ленин атындағы шахталар арасындағы трансформатор стендінің жанында 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, марқұм жоғары ток кернеуінен көз жұмған. Өлімнің нақты себебі сот-медицина сараптамасынан соң дәлірек белгілі болады.
Бұған дейін «Қазақстан» шахтасының аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті бөлімшесі қызметкерінің денесі табылғаны хабарланған болатын.