Шахтинскідегі жарылыс: Алты адам жансақтау бөлімінде жатыр

0
239

​Стационарда сегіз адам ем қабылдауда.


Шахтинскідегі жарылыс: Алты адам жансақтау бөлімінде жатыр

ERNUR.KZ. Шахтинскідегі көпқабатты үйдегі газ жарылысынан кейін алты адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады baq.kz.

Қазіргі уақытта стационарда сегіз адам ем қабылдап жатыр, олардың алтауы жансақтау бөлімінде, екеуі жалпы бөлімшеде. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін Шахтинск қаласында газ жарылып, сегіз адам зардап шеккен болатын.

Арнайы операция барысында газ жарылысы мен пәтерді өртеу ісі бойынша күдікті ұсталды.

Оның 40 жастағы ер адам екені анықталды. Ол газ баллонын әдейі ашып, көпқабатты үйде өрт шығарған. Сол кезде басқа азаматтармен қатар бес полиция қызметкері де зардап шеккен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті күзетпен ауруханада жатыр.