Видеода тәрбиеші балаларды шашынан ұстап сүйрейді, итеріп жібереді, желкелеп лақтырады, басына ұрады
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Павлодардағы балабақшадағы бейнебақылау камерасынан алынған видео тарады. Видеода тәрбиеші балаларды шашынан ұстап сүйрейді, итеріп жібереді, желкелеп лақтырады, басына ұрады, деп жазады zakon.kz.
Аталған видео желіде үлкен резонансқа ие болды. Балаларын осы балабақшаға апаратын ата-аналардың айтуынша, мұндағы жазбалардың бір бөлігі жойылған, сондықтан тәрбиешінің балаларға қатысты бұл әрекеті бір реттік пе, әлде үнемі осылай ма, ол жағы беймәлім қалуда.
"Бұл ретте кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полиция балабақша басшылығының іс-әрекетіне де құқықтық баға берілетінін нақтылады.
Бұған дейін Қазақстанда жыл сайын түрлі жарақаттан 1000-нан астам бала қайтыс болатыны хабарланған болатын.