Шетелдік нөмірлі көліктер мәселесі бойынша "Тікелей желі" ашылды

0
1 130

Автосалоннан жаңа көлік алуға жағдайы жоқ, тозған көлік алуға құлқы жоқ қазақстандықтар жаппай жағдайы тәуір шетелдік нөмірлі автокөлікке міне бастап еді.


Шетелдік нөмірлі көліктер мәселесі бойынша

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және бізідің еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөнінідегі мәселелерді түсіндіру үшін "Тікелей желі" телефон желісін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда дейін түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.

Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөліністері кезекті республикалық "Жолда қабылдау" акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-офистерінен алуға болады.

"Жолда қабылдау" акциясы шеңберінде және полиция фронт-офистерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиця көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.

"Жолда қабылдау" акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.