Шетелдіктерге қызмет көрсету үшін 8 ХҚО күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

0
420

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні.


Шетелдіктерге қызмет көрсету үшін 8 ХҚО күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы оларды арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдау туралы шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Корпорация өкілдерінің мәліметінше, ХҚО-лар Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қабылданған шаралар ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады, – делінген хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті мына мекенжайлар бойынша ала алады:

  • Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А;
  • Астана қ., Сауран к-сі, 7;
  • Павлодар қ., Павлов к-сі, 48;
  • Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2;
  • Қостанай қ., Гашек к-сі, 14;
  • Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157;
  • Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а;
  • Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249.

"ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады", - деп жазады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні.

"Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Корпорация өкілдері қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

"Қонақтар "Мобильді ХҚО" қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.