Шетелге оқуға кететіндер саны едәуір азайды - білім министрі

0
374

Министр қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік стандарт бойынша білім беруге қабілетті екенін айтты.


Шетелге оқуға кететіндер саны едәуір азайды - білім министрі

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шетелге оқуға кететін балалар саны бірнеше есе азайғанын айтты. Ол қазақстандық білім бәсекеге қабілетті бола түскенін жеткізді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бізде шетелге кететін балалар саны айтарлықтай азайды. Мұны бірқатар өңірлерден байқап отырмыз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бүгінде Қазақстанда білім беру сапасы бәсекеге қабілетті", - деді Аймағамбетов Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде өткен соңғы қоңыраудан кейін.

Министр қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік стандарт бойынша білім беруге қабілетті екенін айтты.

"Қазақстандық 16 ЖОО әлемнің 1000 үздік ЖОО қатарына кірді. Мысалы, ТМД елдерін қарасақ, тек екі жоғары оқу орны топ-200 тізіміне кіреді. Бұл Ресейдегі бір жоғары оқу орны және Қазақстандағы бір жоғары оқу орны. Яғни бөлінген гранттар саны мен деректер отандық білім беру сапасының бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі өкілі алғашқы және соңғы қоңырау қарсаңында "мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма" деген сұраққа жауап берген болатын.