Шетелге шаян сатқан 4 контрабандист сотталды

0
2 219

Қылмыстық топ Қазақстаннан әкетуге тыйым салынған шаянның 400 тоннасын шекарадан контрабандалық жолмен алып өтпек болған.


Шетелге шаян сатқан 4 контрабандист сотталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті құны 470 миллион теңгеден асатын артемия салина шаянын (артемия цисталары) контрабандалық жолмен сатқан Қытай және Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады aikyn.kz.

Күдіктілер трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Жедел іздестіру нәтижесінде, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын, Қазақстаннан әкетуге тыйым салынған шаян толтырылған көлік табылды.
Қылмыстық топ тауарды шекарадан контрабандалық жолмен алып өтпек болған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 4 адам 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.