Шілдеде инфляцияның айлық деңгейі 0,8%-ға төмендеді

0
240

Шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді.


Шілдеде инфляцияның айлық деңгейі 0,8%-ға төмендеді

фото: Минторговли и интеграции Казахстана

ERNUR.KZ. 2026 жылдың шілде айында инфляцияның айлық деңгейі 0,6% құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен (0,8%) төмен, деп жазады sputnik.kz.

Шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді. Атап айтқанда мыналар арзандады:
қияр - 22,6%;
қызанақ - 17,7%;
сәбіз - 5,3%;
банан - 4,0%;
алма – 2,7%;
апельсин - 2,3%;
лимон мен картоп – 1,6%.
Сонымен қатар, жұмыртқа 1,4%-ға, арпа жармасы 1,3%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобиль бағасы 3,8%, электр еттартқыш 2,2%, кір сабын 1,5%, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%, шаш бояуы 0,7% арзандады.
"Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2% құрады (2026 жылғы маусымда – 10,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 9,2% өсті", - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша бағаның төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, қияр бағасы 31,6%-ға, қызанақ – 26,5%-ға, пияз – 10,9%-ға, сарымсақ – 8,1%-ға, апельсин – 7,8%-ға, алма – 4,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары арасында күріш бағасы 4,1%-ға арзандады.
Сонымен қатар жеңіл автомобильдің бағасы 16,2%-ға, кондиционер 10,8%-ға, медициналық термометр 7,5%-ға, медициналық бинт 6,4%-ға төмендеді.