​ШҚО-да 200-ге жуық техника қар құрсауында тұр

0
1 299

Үржар, Аягөз аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жеткен.


​ШҚО-да 200-ге жуық техника қар құрсауында тұр

ERNUR.KZ. Соңғы екі тәулікте Алматы-Өскемен республикалық тасжолының бойында 700-ге жуық адам құтқарылып, қардан 231 техника шығарылды, деп жазады «Хабар 24».

Үржар, Аягөз аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жеткен. Салдарынан республикалық жолдар жабылды. Соңғы тәуліктерде күрт бұзылған күн райы бүгін біртіндеп дұрысталып келеді. Обылыстық «Қазақавтожол» мекемесінің мамандар кеше жабылған Алматы–Өскемен тас жолының 967 ден 778 ші шақырым аралығындағы жолдың ашылғанын хабарлады. Бұл Жарма ауданының орталығына дейінгі аралық. Қазір барлық көлік түрі қатынап жатыр. Әзірше көліктер бір бағытпен жүруде. Қазір «Қазақавтожол» мамандары жолды кеңейтіп жатыр. Ал жалпы кешден бері қар құрсауынан 700-ге жуық адам құтұарылып, олар Аягөз қаласы мен Таскескен ауылдарындағы әлеуметтік мекемелерге орналастырылып, ыстық тамақ берілген. Дегенмен қар құрсауында әлі де 200-ге жуық техника тұр. Нақты айтқанда 10 автобус, 143 жүк көлгі және 43 жеңіл автоөлік қалған. Ондағы жолаушылардың барлығы құтқарылды. Кешелі бері құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар қызметінің барлық құрылымдарынан 40 техника мен 100 маман жұмылдырылды.

Аймақтық ауа райын болжау орталығы алдағы тәуліктерде боран біртіндеп басылып, қар жауатынын хабарлады. Таулы аймақтарда қар көшкіні болуы да ықтимал. Ал солтүстік аудандарда аяздың күші әлі қайтпай тұр. Сондықтан төтенше жағдайлар мамандары тұрғындарға алыс сапарға шығуды кейінге шегере тұру жөнінде кеңес беруде. Осы категория бойынша: « ШҚО-да қар құрсауынан 300-ден астам жолаушы құтқарылған