ШҚО-да ауыр хәлдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

0
117

ШҚО-да ауыр хәлдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді.


ШҚО-да ауыр хәлдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. 3 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені ауыр жағдайына байланысты Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл түрде жеткізу қажет болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әр минуттың маңызды екенін ескерген дәрігерлер құтқарушылардан көмек сұрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “Казавиаспас” тікұшағы Өскеменнен Алтай қаласына аттанып, анасы мен сәбиін медициналық мекемеге шұғыл жеткізді.

Ұшуды тәжірибелі ұшқыштар Евгений Гончаров пен Олег Алфеев жүзеге асырды. Санавиация дәрігерлерінің бригадасы нәрестеге жол бойы медициналық бақылау жасап отырды.

«Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекетінің арқасында сәби мен анасы аман-есен Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.