Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ERNUR.KZ. ШҚО-да көпірден Бұқтырма өзеніне сүңгіп кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
26 шілдеде полицияға Малеевск ауылындағы көпір ауданында мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаты жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде ер адам көпірден Бұқтырма өзеніне сүңгіп кеткеннен кейін жоғалып кеткен.