ШҚО-да қос азаматтығы бар тоғыз адам істі болды

0
872

Алтай ауданы тұрғынының қос азаматтығы бары анықталды.


ШҚО-да қос азаматтығы бар тоғыз адам істі болды

ERNUR.KZ. ШҚО-да көші-қон қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 50-ден астам адамды жауапқа тартқан, олардың тоғызы қос азаматтығы үшін елден шығарылды, деп деп жазады Inbusiness.kz.

Жуықта полиция қызметкерлері Алтай ауданы тұрғынының қос азаматтығы барын анықтады.

40 жастағы жергілікті тұрғын осы жылдың шілде айында Приморск өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда заңнаманы бұза отырып, Қазақстанның ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерін уақытында хабардар етпегені және Қазақстан азаматтығын айыру бойынша тиісті рәсімнен өтпегені әшкереленді.

"Қазіргі уақытта ресейлік әйел адамнан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚтБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша елден шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.