ШҚО-да өз үйлерінде әкесі мен ұлының мәйіті табылды

0
480

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлын аңшы мылтығымен атқан.


ШҚО-да өз үйлерінде әкесі мен ұлының мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданы Қалбырға ауылында өз үйлерінде әкесі мен ұлының денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде 59 және 29 жастағы екі ер адамның мәйітін тапты.
Қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") және 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлын аңшы мылтығымен атқан. Салдарынан ұлы оқиға орнында қайтыс болған. Содан кейін әкесі өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты тергеу жүріп жатыр.
Сот сараптамасы жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.