ШҚО-да өзен жағасынан тағы да адам мәйіті табылды

0
730

Тамыз айы басталғалы Шығыс Қазақстандағы өзендердің жағасынан табылған екінші мәйіт.


ШҚО-да өзен жағасынан тағы да адам мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында тамыз айы басталғалы өзен жағасынан екінші адамның мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға Глубокое ауданы Таулы Үлбі ауылындағы Үлбі өзенінің жағасында адам мәйіті жатқандығы жайлы хабар түскен.

«Сол жерге аттанған тәртіп сақшылары ер адамның мәйітін тапты. Оның нақты неден мерт болғаны тиісті сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұл – тамыз айы басталғалы Шығыс Қазақстандағы өзендердің жағасынан табылған екінші мәйіт. 1 тамыз күні Риддер қаласы тұрғынының денесі Журавлиха өзенінің жағасынан табылған болатын.