Үшінші адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында шахтада жоспарлы жарылыс жұмыстары қайғылы оқиғамен аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Орлов» шахтасында болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тапқан.
«16 маусым күні кешкі 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Востокцветмет» ЖШС-ның екі жұмысшысы қаза тауып, тағы біреуі аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр.