Қайғылы оқиға 25 сәуірге қараған түні Глубокое ауданында болған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жеке үйден өрт шығып, бір әйел қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
YK-news.kz жазуынша, қайғылы оқиға 25 сәуірге қараған түні Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылында болған.
Төтенше жағдайлар департаменті хабалағандай, үйдің кіреберісі, төбесі мен шатыры өртенген. Бұл кезде үйде бірнеше адам, оның ішінде 5 жасар бала болған.
«Үй иесі көрші тұратын күйеу баласына көмек сұрап жүгірген. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін үй иесі немересін үйден алып шыққан. Бала ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ер адамның қайын атасы терезені сындырып, өз бетімен үйден шығып кеткен. Ал қонаққа келген 1954 жылы туған әйел түтін иісінен тұншығып қайтыс болған.
«Өрттің жалпы аумағы 56 шаршы метрді құрады. Оқиғаның алдын ала себебі – электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау немесе отқа ұқыпсыз қарау», - делінген хабарламада.