ШҚО-да жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

0
834

Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.


ШҚО-да жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жоғалған бала табылды. Баланың жағдайы жақсы. Оны Арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкері тапты, деп жазады zakon.kz.

Іздестіру шаралары барысында көпір маңындағы шұңқырдан бала табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, кейін ол ата-анасына беріледі.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті

Еске сала кетейік, 14 тамызда 2010 жылы туған кәмелетке толмаған Ахмеджанов Темірлан Тимурұлын іздеуге көмектесу туралы өтініш түскен еді. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалып кеткеніне 10 сағаттан астам уақыт өткен соң туыстары полицияға хабарласқан.

Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Баланың анасы түнде оянып, оның жоғалып кеткенін байқаған. Бала аутист, сөйлемейді.