ШҚО ТЖД сүңгуірлері құтқару кеудешесінсіз сапбордпен сырғанау кезінде суға батқан 2001 жылы туған адамның денесін тапты.
Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда сапбордпен сырғанау кезінде суға батқан адамды іздеу аяқталды. Құтқарушылар бірнеше күн бойы Шалқар көлінің түбін сүзіп, ұшқышсыз ұшу аппаратын да қолданды, деп жазады zakon.kz.
Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде ШҚО ТЖД сүңгуірлері құтқару кеудешесінсіз сапбордпен сырғанау кезінде суға батқан 2001 жылы туған адамның денесін тапты. Ол жағадан 200 метр қашықтықта, көлден 20 метр тереңдікте табылған.
Айта кетсек, 1 мамырдан бастап күні кешеге дейін өңірде ТЖД күштері мен құралдарын тарта отырып, күнделікті іздеу жұмыстары жүргізілді.
"Сүңгуірлер акваторияны зерттеді. Барлығы 59 сүңгуірлік әрекет жасалды. Жүзу құралдарымен су беті тексерілді. Жағалау сызығы мен акваторияны зерттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылды. Эхолоттар да белсенді қолданылды. Іздеу жұмыстары көлдің тереңдігімен қиындады", делінген хабарламада.
ТЖМ су қоймаларының жанында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін еске салады, жүзу құралдарында болған кезде сақ болыңыз.


