ШҚО-дағы екі ауылда карантин жарияланды

0
530

Ұсақ малдан анықталған қой күлі ауруына байланысты Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданына қарасты 2 ауылда карантин жарияланды.


ШҚО-дағы екі ауылда карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған елдімекен әкімінің шешім құжатында жазылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 7 наурыздағы ұсынысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында мүйізді ұсақ мал арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін», - делінген Катонқарағай ауылдық округінің әкімі Қайрат Нұрқанов шығарған шешімде.

Қоса кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы ауылда ірі қарадан қарасан анықталып, карантин жарияланған еді.