Қазіргі таңда ер кісінің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 3-тармағы, 2-тармақшасы мен 308-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
ERNUR.KZ. 39 жастағы азамат сүйіктісіне махаббат сыйлауға уәде берген. Бірақ, жалғыз өзі болмайтынын «ескертпеген», деп жазады Elitar.kz.
Таяуда Өскемендік полицейлер жергілікті тұрғынды тұтқындады, ол екі ай бойы құрбысын пәтерде қамап ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
"Қазіргі таңда ер кісінің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 3-тармағы, 2-тармақшасы мен 308-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«STOР трафик» шұғыл-алдын алу іс-шарасының 5 күнінде жеңгетайлықтың 4 фактісі, жезөкшелікке мәжбүрлеудің 1 фактісі және бас бостандығынан заңсыз айырудың 1 фактісі анықталды.