Шомылуға барған: Атырау облысында жасөспірім табылмай жатыр

0
99

Құтқарушылар 1700 шаршы метр аумақты қарап, 15 сүңгуір жұмыстарын жүргізгенмен әзірге нәтижесіз.


Шомылуға барған: Атырау облысында жасөспірім табылмай жатыр

фото: ДВД Алматы

ERNUR.KZ. Атырау облысы Индер ауданында Жайық өзеніне батып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары екінші күнге жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Жасөспірім ағасымен бірге шомылуға барып, суға батып кеткен. Оқиға 5 шілде күні Есбол ауылында болған.
"Жеке құрамның 13 адамы, 3 бірлік техника және 3 жүзу құралы іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жасөспірім сағат 15:30-да тыйым салынған жерде шомылған", - дейді Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
"Наутилус-50" мобильді іздеу кешенін пайдалана отырып, шамамен 1200 шаршы метр су айдынының түбіне зерттеу жүргізілді. Құтқарушылар 15 сүңгуір жұмыстарын жүргізді, шамамен 1700 шаршы метр аумақ тралинг әдісімен зерттелді, дейді құтқарушылар.