Шошқа фермасындағы жұмысшылар өлімі: полиция мән-жайды айтты

0
504

1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар көз жұмды.


Шошқа фермасындағы жұмысшылар өлімі: полиция мән-жайды айтты

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа кешенінде мерт болған төрт жұмысшының өліміне қатысты іс қозғалды, деп жазады ulysmedia.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күнгі сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағандығы туралы хабар түскен.

“Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» шошқа кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты.