8 және 6 жастағы екі бала велосипедпен алға озып кетіп, адасып қалған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жоғалып кеткен 2 бала аман-есен табылды, деп жазады sputnik.kz.
"Полиция қызметкерлері түн ортасында көшелерді патрульдеу кезінде үлкендердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған балаларды көрген", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Артынша белгілі болғандай, сол күні олардың ана-анасы туыстарының үйіне қонаққа барған. Қайтып келе жатқанда 8 және 6 жастағы екі бала велосипедпен алға озып кетіп, адасып қалған көрінеді.
Полицейлер екі баланы аман-есен ата-анасының қолына тапсырды, деді баспасөз қызметі.