Шығыс Қазақстанда құрылыс компаниясы 100-ден астам адамды алдаған

0
224

ШҚО тұрғындары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды.


Шығыс Қазақстанда құрылыс компаниясы 100-ден астам адамды алдаған

фото: АФМ РК

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясының топ менеджерлері көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген сылтаумен 1,8 млрд теңге жымқырған, деп жазады sputnik.kz.
Заңсыз әрекетті Қаржы мониторингі агенттігінің өңірдегі департаменті әшкереледі.
"Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан құрылыс нысаны "сақалды" құрылысқа айналды. Мерзімі бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.
Компаниялар заң талаптарын бұзған, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаты болмаған.
Қазіргі уақытта күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды.
Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.